Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

«Бірлік» атты халықаралық жастар лагері өтіп жатыр

1-09-2023, 11:58 Думан Кенжеғазыұлы

Алматы облысы Жамбыл ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» халықаралық жастар лагері өтіп жатыр.

Аталған жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырды.
Іс-шараға Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан жастары, қоғам және мемлекет белсенділері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және Ассамблеяның жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысуда.

Жоба барысында «Этносаралық қатынастар саласындағы жобаларды имидждік ілгерілету, әлеуметтік желілердегі жастар», «Жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылда өңірлік жұмысты дамыту» және т.б. тақырыптарында отырыстар, сондай-ақ, ЮНЕСКО-мен өзара іс-қимыл бойынша жеке алаң өтеді.

Өз сөзінде ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин еліміздегі бейбітшілік пен бірлікті нығайту қажеттілігі және Қазақстан халқы Ассамблеясының осы міндетті орындаудағы рөлінің маңыздылығы туралы ерекше атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының басқа да мүшелері де сөз сөйледі. Олар жастарға жеке тәжірибелері мен жетістікке жету жолдарымен бөлісіп, өзекті жобалармен таныстырып өтті. Сонымен қатар, жастар «Алға Петербург» каналының блогері Иван Червинскиймен кездесті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив