Cемей-18°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Станислав Кәрімов Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

6-09-2023, 15:13 Думан Кенжеғазыұлы

Станислав Кәрімов Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Станислав Кәрімов 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Президенттік кадр резервінің мүшесі.

Новосібір мемлекеттік техникалық университетін «Экономикадағы Қолданбалы информатика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы жеке компанияда бастады, онда 2009 жылға дейін қызмет етті. 2009-2014 жылдары коммерциялық емес өңірлік және республикалық ұйымдарда басшылық лауазымдарда болды.

2012-2021 жылдары Өскемен қаласы мәслихатының V, VI сайланған депутаты, қалалық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, бюджет жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары, Өскемен қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды. VII сайланған Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Кандидат.

2020 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» РМК-да қызмет етті:

- Шығыс Қазақстан филиалының директоры;
- Мемлекеттік эталондар департаментінің басшысы;
- ҚР нормативтік-техникалық құжаттаманың бірыңғай мемлекеттік қорының басшысы, «КазСтандарт» РМК Стандарттау орталығының басшысы.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін «East Consulting Group» ЖШС it директоры қызметін атқарды.

Бұдан басқа, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қоғамдық кеңесінің төрағасы болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив