Абай облысы ПД басшысының орынбасары аудандарды аралауда
Халық сенімі - полиция қызметіне берілетін негізгі баға.
Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкеріне артылатын жауапкершілік жоғары.
Абай облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Мадияр Омаровтың қатысуымен Аягөз және Үржар аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамымен 2022 жылдың 12 айындағы жедел қызметтің жұмысы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жеке құрам арасындағы тәртіптік заңдылық бойынша жиын өтті.
⠀
Жиын барысында Мемлекет басшысының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес іс-қимыл жоспары таныстырылып, құқық қорғау саласының мамандарының парасаттылыққа тексеру үшін “integrity check” жобасы туралы ақпарат беріліп, күнделікті жұмыста кездесетін кейстердің шешу жолы талқыланды.
Кездесу шеңберінде өткен жылғы жұмыс нәтижелері тыңдалып, сондай-ақ жедел-қызметтік қызметтің оң нәтижесін арттыруға бағытталған іс-шаралар белгіленді, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оның ішінде ұрлыққа қарсы іс-қимылға, есірткі қылмысына қарсы күреске, интернет-алаяқтыққа, жол қауіпсіздігіне қатысты нақты міндеттер қойылды.