Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Сенатор Тастекеев жұмысшы кадрларды даярлау үшін мамандандырылған оқу орындарының мәртебесін арттыруды ұсынды

7-09-2023, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Сенатор Қайрат Тастекеев Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың атына жолдаған депутаттық сауалында жұмысшы кадрларды даярлауға мамандандырылған оқу орындарының мәртебесі мен беделін арттыру қажеттігіне назар аударды. 

Депутат әртүрлі салалардағы жас талантты мамандарды анықтауға және қолдауға ықпал ететін, кәсіби дағдылар мен құзыреттерді дамытуды ынталандыратын өңірлік және республикалық чемпионаттар өткізуді ұсынысы.

«Осыған орай, осы мәселелерді жоғары деңгейде талқылауды және «Talap» КЕАҚ Қазақстан Республикасындағы WorldSkills қозғалысының ұлттық операторының осы процестерге қатысу дәрежесін айқындай отырып, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін дамытуға және нығайтуға бағытталған шараларды қабылдауды сұраймын. Бұл бізге халықаралық аренада табысты өнер көрсетіп қана қоймай, тез өзгеретін әлемдік еңбек нарығы жағдайында еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және әлемдік деңгейде бәсекелестікке қабілетті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді», - деді депутат Тастекеев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив