Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Министр Марат Қарабаев төрт облысты көлікпен жүріп өтеді

8-09-2023, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Марат ҚарабаевАлматы облысынан Өскеменге дейін автокөлікпен жүріп өтеді.

Көлік министрі Марат Қарабаев көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеру үшін төрт облысты басып өтеді

Бұл туралы министрдің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан өзінің Facebook парақшасында жария етті. 

«Бүгін ведомство басшысы Алматы облысына келді. Ең алдымен Шамалған станциясының айналма жолының құрылысын және «Сарыөзек – Көктал» (45-68 км) автожолында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын тексереді. Сондай-ақ министр «Қорғас» құрғақ портының жұмысымен танысып, «Алматы – Қорғас» автожолының сапасын бағамдап қайтуды жоспарлап отыр», делінген жазбада.

Баспасөз хатшысының хабарлауынша, министрлік басшысы Марат Кәрімжанұлы демалыс күндерін пайдаланып, Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарына да барады. Алматы облысынан Өскеменге дейін автокөлікпен жүріп өтіп, министр аталған өңірлердегі жол құрылыстарын, көлік объектілерін қайта жаңарту жұмыстарын, көлік қозғалысына арналған көпірлердің жай-күйін тексереді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив