Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
487.73 558.99 6.63

11 қыркүйекте елімізде сейсмикалық жаттығулар өткізіледі

8-09-2023, 15:00 Думан Кенжеғазыұлы

Тұрғындарды белсенді қатысуға шақырамыз.

Сейсмикалық жаттығулар барысында тұрғындар жойқын жер сілкінісі кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелерімен танысып, қауіпсіз орындарды анықтау, зардап шеккен халықтың қабылдау пункттеріне жиналуы сияқты кейбір іс-әрекеттерді іс жүзінде пысықтайтын болады.

«Баршаның назарына!» сигналын естіген кезде сабыр сақтаңыздар.

Тұрғындарға мүмкіндігінше ғимараттан шығу қажет. Ал ғимараттан шығу мүмкіндігі болмаған жағдайда қауіпсіз жерді паналау қажет.

Сейсмикалық жаттығулар «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өткізіледі. Оның негізгі мақсаты – халықты жер сілкінісіне дайындау, оларға жалпы қауіпсіздік мәдениетін үйрету, сондай-ақ азаматтық қорғау күштерінің жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерге әзірлік деңгейін арттыру.

Сейсмикалық қауіпті өңірлерде жаттығулар сағат 10:00-ден 11:00-ге дейінгі аралықта өтеді (Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары).

Төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс іс-әрекеттер сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызды қорғауға көмектеседі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив