Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.86 544.03 6.14

​​13 қыркүйек 10:00-де Мәжілістің кезекті жалпы отырысы өтеді

12-09-2023, 16:07 Думан Кенжеғазыұлы

Депутаттар бірінші оқылымда экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері туралы және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске түзетулер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарайды.

Сондай-ақ күн тәртібінде «Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мен VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың екінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспары бар. 

Палата комитеттері бірқатар ратификацияланатын құжатты жұмысқа қабылдайды. Олар: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің аумақтарын санитариялық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім және Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы мемлекеттердің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісім.

Тікелей эфирді parlam.kz ресми сайтынан, Мәжілістің YouTube арнасы мен Facebook парақшасынан, сондай-ақ республикалық «Хабар 24» және Jibek Joly телеарналарынан көре аласыздар. Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызды оқи жүріңіздер.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив