Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Астанада Орнықты даму мақсаттарын іске асыру мәселелері талқыланды

13-09-2023, 10:37 Думан Кенжеғазыұлы

Іс-шараға ҚР ҰЭМ, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының, Экономикалық зерттеулер институтының өкілдері және шет елдердің елшілері қатысты. 

Кездесу барысында Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізудің негізгі мәселелері талқыланды. ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова Үкіметтің ОДМ-ды ұлттық және өңірлік деңгейде ілгерілету бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып берді.

Сондай-ақ, кедейлікті жоюға, теңсіздікпен күресуге және климаттың өзгеруіне байланысты мәселелерді шешуге бағытталған Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудің маңыздылығы атап өтілді. Өз кезегінде, Қазақстан барлық мақсаттар мен міндеттерді орнықты дамытуға көшу бойынша кезең-кезеңмен жұмыс жүргізуде.

Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Саммит 2023 жылғы 18-19 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде өтеді және онда 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Орнықты даму саласындағы күн тәртібінің іске асырылу барысы талқыланады.

2030 жылға дейінгі Күн тәртібі 17 Орнықты даму мақсаттарынан (ОДМ) тұрады және әлемдегі ең өткір проблемаларды, соның ішінде кедейлік, теңсіздік, климаттың өзгеруі және т. б. мәселелерді шешудің жаһандық міндеттемесін білдіреді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив