Cемей33°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
488.96 569.49 6.81

Елімізде 46 714 көппәтерлі тұрғын үй басқарудың жаңа түріне ауысады

10-02-2023, 09:17 Думан Кенжеғазыұлы

Елімізде 46 714 көппәтерлі тұрғын үй басқарудың жаңа түрлеріне ауыстырылуы тиіс. Қазір оның 45 345-і немесе 97,1 пайызы басқарудың тың түріне көшіп үлгерген.

Мәселен, қазір еліміздің 18 өңірінде, атап айтқанда Алматы, Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облысы мен Шымкент қаласында басқарудың жаңа тетігіне ауысу бойынша жұмыс толығымен аяқталды.

Демек көзделген жоспарды аяғына дейін жеткізу үшін қалған 2 өңірдегі (Астана және Алматы қалалары) 1 369 көппәтерлі тұрғын үйді немесе 2,9%-ын басқарудың жаңа жүйесіне ауыстыруды қамтамасыз ету қажет.

Бұл ретте жуырда Алматы облысындағы көппәтерлі тұрғын үйдің барлығы кондоминиумның нысаны ретінде жоғарыда аталған басқарудың түріне толықтай көшірілгенін айта кеткен орынды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив