Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Қазақстан мен Пәкістан сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

21-09-2023, 15:23 Жұлдызай Кәкімова

Астанада Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Пәкістан Ислам Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Науман Башир Бхаттимен кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, оның ішінде өзара сауданы жандандыруға және мүдделі компаниялар арасында тиімді қатынастарды орнатуға бағытталған нақты шараларды талқылады.

Министр атап өткендей, екі ел арасындағы инвестициялық қатынастардың әлеуеті зор. Қазақстан энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, мұнай-химия, цифрландыру және т. б. салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі.

Өз кезегінде Бхатти мырза Ислам Республикасы белгіленген бағыттары бойынша, оның ішінде IT саласындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін хабарлады.

Сондай-ақ, тараптар төмен көміртекті саясатты іске асыру шеңберінде "жасыл" экономиканы дамыту мәселелерін талқылады. Науман Башир Бхатти 2023 жылға арналған Жасыл климат қорының (GFR) тең төрағасы болып табылады.

Қазақстан-Пәкістан

2022 жылы екіжақты тауар айналымы $73,2 млн. долларды құрады

Экспорт – $35,9 млн.

Импорт- $37,3 млн.
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында екі мемлекет арасында $28,3 млн. сауда жасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив