Қазақстан алғаш рет КООМЕТ өңірлік метрологиялық ұйымын басқарды
19 қыркүйек күні КООМЕТ метрологиялық ұйымының 35-ші отырысында Қазақстан стандарттау және метрология институтының бас директоры Ғабит Мұхамбетов 2023 жылдан бастап 2026 жылдар аралығындағы кезеңге КООМЕТ Президентінің өкілеттігін ресми түрде қабылдады.
1991 жылы құрылған КООМЕТ метрологиялық ұйымы Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Босния және Герцеговина, Германия, Грузия, Қазақстан, Қытай, Куба, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Словакия, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстанды қоса алғанда, 16 мүше мемлекетті біріктіреді. Ұйымның негізгі міндеті метрологиялық қызметтерді ұсыну мүмкіндіктерін кеңейту және мүше елдер арасындағы әлемдік саудадағы техникалық кедергілерді жоюға жәрдемдесу болып табылады.
Қазақстан алғаш рет ағымдағы жылдың мамыр айында КООМЕТ Президенті сайлауында жеңіске жетіп, ұйымға мүше 16 елдің 11-і қолдау көрсеткенін атап өту керек.
Осы маңызды оқиға Қазақстанның метрология саласындағы жетекші рөлін көрсетеді.