Коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары негізінде азаматтық қоғамнан Министрліктің жұмыс тобының 6 мүшесін сайлау туралы конкурс жарияланады
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) жанында Туризм және спорт мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылады.
Осыған байланысты, коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары негізінде азаматтық қоғамнан Министрліктің жұмыс тобының 6 мүшесін сайлау туралы конкурс жарияланады.
Жұмыс тобының кандидаттарына Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады. Қазіргі таңда бақылаушылар тізімін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмыс тобы мен бақылаушылар құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстар хабарландыру жарияланған күннен кейін 5 күнтізбелік күн ішінде Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15 кіреберіс (тел: 74-01-17) немесе m.narbotaev@tsm.gov.kz электрондық мекенжай бойынша қабылданады.
Жұмыс тобына (байқаушылар құрамына) кандидаттар келесідей құжаттар ұсыну қажет:
1) қосымшада көрсетілген нысан бойынша азаматтың өтініші;
2) коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы (бар болған кезде);
3) кандидаттың кәсіптік немесе қоғамдық қызметі туралы мәліметтері;
4) жеке куәлігінің көшірмесі.