Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
462.31 536.09 5.34

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

23-09-2023, 12:35 Думан Кенжеғазыұлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Қос киенің сақшысы Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясының Ұлттық күнімен құттықтады.  

«Бүгінде еліңіз – саяси тұрғыда іргесі берік, экономикасы тұрақты, Таяу Шығыстағы үлгі тұтар мемлекет, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Алдағы уақытта Сіздің басшылығыңызбен Корольдіктің дамуы баянды, мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін», – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Қазақстанның Шығанақтағы сенімді серіктесі екенін атап өтіп, екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен жоғары деңгейдегі саяси диалогқа негізделген қарым-қатынастар одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив