С. Жақыпова қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтарды қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күні мерекесімен құттықтады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі баршаға кәсіпте табыс, жемісті еңбек тіледі.
«Барлық қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтаймын. Бұл мереке қазақстандықтардың еліміздің әл-ауқаты мен гүлденуін қамтамасыз ететін еңбекке деген құрметін білдіреді. Ол нағыз еңбектің қадірін білетін және оның нәтижесімен мақтанатындардың барлығын біріктіреді.
Еңбек түрлі ұрпақ пен көзқарастағы адамдарды біріктіреді. Еңбексүйгіштік пен жасампаздық межеленген жоспарларға сәтті жетудің кепілі болып табылатын кез-келген қоғамның дамуының негізі.
Бүгінде еңбек ардагерлері мен барша отандастарымызға алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің ерен еңбектеріңіздің нәтижесінде еліміздің даму әлеуеті зор, келешегі кемел. Жұмысшы әулеттері мен еңбек ардагерлерінің қатары жылдан жылға толыға берсін! Сіздер бүгінгі күні де өздеріңіздің бай кәсіби тәжірибелеріңізбен жастармен бөлісіп, оларға еңбекке, жұмысшы мамандықтарға деген сүйіспеншілік ұялатып, өскелең ұрпақты Отанға деген жоғары патриотизмге тәрбиелейсіздер.
Бүгінгі күнде жас мамандар әртүрлі салаларды дамытуда, олар барлық салаларға креативпен және жаңаша көзқараспен қарап, жұмыстың жаңа шарттары мен форматтарын қалыптастырып отыр. Сонымен бірге кәсіпқойлық сабақтастық қағидаттарын сақтауда. Сондықтан жұмысшы жастарымызды да құттықтап, одан әрі табыс пен өркендеу тілеймін.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттың күші адамдарымызда екенін, ал кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамның басты құндылықтарына айналуы тиістігін атап өтті.
Үкімет еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жастарды даярлауға, еңбек ресурстарын сақтауға және қауіпсіз еңбек ортасын құруға жағдай жасайды. Біздің мақсатымыз лайықты еңбек қағидаттары мен стандарттары негізінде еңбек қатынастарын және оларды құқықтық реттеуді жетілдіруге қол жеткізу және солай болып қала бермек.
Сіздердің жұмыстарыңыз өзгелерге ғана емес, өзіңізге де разышылық сезімдерін сыйласын. Әркайсысымыздың еңбегіміз Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін сұранысқа ие болып және лайықты бағаланып, құт-береке мен қуаныш әкелсін. Сіздердің әрқашан мақсаттарыңызға қол жеткізіп, армандарыңыздың орындалуын тілеймін. Еңбек күні құтты болсын!» – делінген Светлана Жақыпованың үндеуінде.