Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

ІІМ есірткі қылмысымен күресте жаңа әдістер қолданып жатыр

26-09-2023, 14:59 Жұлдызай Кәкімова

Ақпараттық-коммуникациялық жүйелердің дамуымен қылмыс түрлері де өзгерді. Оларды анықтап, ашу үшін полицияның жедел қызметтерінен жаңа тәсілдер талап етіледі.

Интернет кеңістігінде есірткі қылмыстарын анықтаудың тиімділігін арттыру үшін Ішкі істер министрлігі “Kazdream Special Systems” ЖШС қазақстандық компаниясымен заманауи аппараттық-бағдарламалық кешендер мен ілеспе техникалық жабдықтарды сатып алуға шарт жасасты.

Қыркүйек айында техниканы қызметте пайдалану бойынша полицейлер арасында семинар-тренинг өткізілді. Сондай-ақ әрбір өңірге бір жұмыс станциясы берілді.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, аппараттық-бағдарламалық кешендер Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде бөлінген қаржыландыру есебінен сатып алынды.

Бағдарламалық кешендердің қуаты ақпараттың едәуір көлемін өңдеуге және есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар адамдар арасындағы тікелей және жасырын байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері есірткіні жарнамалау фактілері бойынша 51 сотқа дейінгі іс жүргізуді, есірткіні интернет арқылы таратқаны үшін 288 қылмыстық істі тіркеді. Есірткі тарататын 1,5 мың сайт бұғатталды.

OLX.kz хабарландырулар ресурсында есірткіні насихаттайтын 1179 жазба мен психоактивті заттарды тарату бойынша курьерлік жұмыс ұсыныстары анықталды. OLX.kz басшылығымен жасалған келісім негізінде бұл жарнамалар жойылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив