Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

«Анимация: бүгіні және болашағы» уоркшобы басталды

27-09-2023, 13:10 Жұлдызай Кәкімова

Бүгін Астана қаласында отандық және шетелдік анимация саласының үздік мамандарының қатысуымен өтетін KIPD Animation уоркшобының ашылу салтанаты өтті.

Шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің отандық креатив индустрияны дамыту жұмыстары аясында өтіп жатыр. Уоркшоптың ұйымдастырушылары: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстандық қоғамдық даму институтының MediaLab орталығы.

Рәсімге ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма төрағасы Нұрбек Матжани, шетелдік сарапшылар: Шонт Нигогосян, Крис Паламара, Алексей Гришин және Мария Косарева, отандық ARA студиясының негізін қалаушылар Мейіржан Сандыбай мен Бақытжан Шабдукаримов қатысты.

Алғашқы болып сөз кезегін алған вице-министр анимация саласын дамытудың маңызына тоқталып, шара қатысушыларына сәттілік тіледі.

«Креативті индустрия саласы бойынша өзара тәжірибе алмасу өте маңызды. Біз қазір осы саланы қолдау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырып, толыққанды жүйе қалыптастыру бағытында жұмыс істеп келеміз. Креативті индустрия саласы туралы заңнама әзірленіп жатыр, оны келесі жылы толығымен қабылдауымыз керек. Заңнама осы саланы дамыту, мамандарды қолдау, зияткерлік меншікті қорғау секілді бағыттарды қамтиды»,- деді вице-министр.

2 күнге жалғасатын жиында мультипликация жасау кезінде заманауи тәсілдер мен технологияларды қолдану, индустрия саласына шетелдік сарапшыларды тарту, белгілі анимация студияларымен байланыс орнатып, серіктестік құру және практикалық машықты жетілдіру сынды маңызды тақырыптар талқыланады.

Жиын барысында Shyraq анимация мультфильмінің жабық көрсетілімі болды.

Айта кетейік, іс-шара ертең 28 қыркүйек күні де жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив