Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
517.16 588.48 6.23

Мемлекет басшысы ГФР Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті

29-09-2023, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Президенттің Германияға ресми сапарының екінші күні Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесуден басталды.

Тараптар Германия Президентінің таяуда Қазақстанға жасаған сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын қарастырды. Атап айтқанда, энергетика, транзит, логистика, пайдалы қазбаларды игеру, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы және цифрландыру секілді  ынтымақтастықтың басым бағыттарына қатысты бірлескен жұмыстарды талқылады.

Келіссөз барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды, сондай-ақ екі елдің ғылыми және білім беру ұйымдары арасындағы қатынастарды нығайту мәселесіне баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан мен Германияның көпжақты ынтымақтастығын одан әрі нығайту үшін бірлескен іс-қимылдарды арттыра түсуге уағдаласты.

Мемлекет басшысы Германия Президентінің Bellevue резиденциясындағы Құрметті қонақтар кітабына естелік қолтаңба қалдырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив