Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
488.37 559.77 6.64

Қазақстанның ерлер командасы байдарка мен каноэде есуден алтын алды

2-10-2023, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан құрамасының мүшелері Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов жұбы 500 метрге каноэде есуден алтын медаль жеңіп алды. Оларға жеңіс сыйлаған уақыт 1:49.01.

Біздің ескекшілер Жапония құрамасынан (1:49.237) және Ираннан келген жұптан (1:50.486) озып кетті.

Бұл Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына түскен төртінші алтын медаль.

«Тимур мен Сергейді жеңісімен құттықтаймын! Күрес қиын болды, бірақ біздің ескекшілер бәсекелестерден озып үлгерді. Азиадада Қазақстан құрамасы дәстүрлі түрде осы спорт түрінен өте жақсы нәтиже көрсетіп келеді және бүгінгі жетістік-осының жарқын дәлелі. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздердің қажырлы  еңбектеріңізді мақтан тұтады!» - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив