Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
489.39 567.5 6.69

Президент «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамына барды

3-10-2023, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Мекеме қызметімен танысу барысында Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінің қазіргі жай-күйі және қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді.

Президентке Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының, Телекоммуникация желілерін басқару орталығының, сондай-ақ Компьютерлік инциденттерге қарсы  ұлттық әрекет ету қызметінің және Зиянды кодты зерттеу орталығының жұмыс процесі мен нәтижелері таныстырылды.

Президентке биыл 9 ай ішінде мемлекеттік органдардың ресурстары мен еліміздің аса маңызды нысандарына жасалған 163,4 миллион кибершабуылға тойтарыс берілгені жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ақпараттық инфрақұрылымының тұрақты қызметін қамтамасыз ететін және осы саладағы қауіпсіздікке төнген кез келген қатерге төтеп беретін механизмдерді дамыту маңызды екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы аталған қызметті жетілдіру мәселелеріне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив