Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Қазақстанда шағын өнеркәсіп аймақтарын ашу жоспарлануда

3-10-2023, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанда шағын өнеркәсіп аймақтарын ашу жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді.

«Министрлік «Шағын өнеркәсіптік аймақтар» жобасын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізуде. Жоба дайын өндірістік үй - жайларды салу үшін жеңілдетілген несие беруді көздейді. Аталған құрылыстар еліміздің барлық өңірлерінде салынатын болады, онда тек өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнес субъектілері ғана орналасатын болады. Өңірлердің әкімдіктеріне «Шағын өнеркәсіптік аймақтар» жобасын іске қосу үдерісін жеделдету қажет деп санаймын», - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін елімізде 14 арнайы экономикалық және 35 индустриялық аймақ жұмыс істейді. Бүгінгі күні АЭА шеңберінде 24 мың тұрақты жұмыс орнын құра отырып 2,8 трлн теңгеге 325 жоба іске асырылды. Индустриялық аймақтардың аумағында 12 мың тұрақты жұмыс орнын құрумен 900 млрд теңгеге 226 жоба іске қосылды. Бұдан басқа, қосымша 9 трлн теңгеге 346 жоба іске асыру сатысында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив