Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
489.39 567.5 6.69

Аида Балаева «Internews Network» өкілдігінің директоры Марат Бигалиевпен кездесті

4-10-2023, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Internews Network» өкілдігінің директоры Марат Бигалиевпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Министрліктің жетекшілік ететін салаларына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Сондай-ақ «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңды жетілдіру, медиа-құқықты және медиа сауаттылықты дамыту, медиа мамандардың кәсібилігін арттыру сияқты тақырыптар көтерілді.

Кездесу соңында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Internews Network» өкілдігімен тығыз ынтымақтаса жұмыс істеуге ниеттіміз деді.

Өз кезегінде Марат Бигалиев мырза кездесу үшін алғысын білдіріп, одан әрі бірлесе жұмыс істеуге әзір екенін айтты.
«Internews Network» — тәуелсіз БАҚ-ты қолдау жөніндегі халықаралық коммерциялық емес ұйым. Халықаралық ұйымның өкілдігі Қазақстанда 25 жыл бойы жұмыс атқарып жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив