Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Skills Enbek Fluent Education халықаралық білім беру платформасымен интеграцияланады

4-10-2023, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ халықаралық білім беру платформасын ұсынатын Fluent Education компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Уағдаластықтар шеңберінде Skills Enbek және Fluent Education платформаларының интеграциясы жүргізілетін болады. Бұл Skills Enbek платформасын пайдаланушыларға арналған онлайн-курстардың тізбесін әртүрлі салалардағы дағдылар мен машықтарды дамыту бойынша білім беру материалдарының кең базасына қол жеткізу есебінен кеңейтуге мүмкіндік береді.

Fluent Education шет тілдерін, іскерлік коммуникацияларды, икемді және кәсіби дағдыларды және командалық тиімділіктің корпоративтік инновациялық оқытудың ең ірі провайдерлерінің бірі. Бұл цифрлық медиа компания соңғы электрондық платформалар мен апта сайынғы ақпараттық таратылымдар арқылы микро оқыту және әл-ауқатты жақсарту үшін тиімді және ұтымды мүмкіндіктерді ұсынады.

Skills Enbek маркетплейс қағидаты бойынша курстарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін халықаралық оқыту алаңдарының қазақстандық аналогы. Skills Enbek іске қосылғаннан бері әртүрлі бағыттар бойынша 235 курс орналастырылды, оның 177 курсы тегін. Пайдаланушылар саны 334 мыңнан астам адамға жетті, оқуды сәтті аяқтап, 279 мың адам сертификат алды.

Бұл ынтымақтастық ел азаматтары үшін қосымша мүмкіндіктер беруге және жаңа дағдыларды игеру үшін қолжетімді курстар базасын кеңейтуге бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив