Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Сыртқы істер министрлігінің жобалық кеңсесі елдің «Үздік жобалық кеңсесі» үшін күресіп жатыр

6-10-2023, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Сыртқы істер министрлігінің жобалық кеңсесі «Жылдың үздік жобалық кеңсесі» номинациясы бойынша жыл сайынғы «Qazaqstan Project Management Awards» ұлттық байқауына қатысуда. Конкурс Қазақстанда 2020 жылдан бері өткізіліп келеді және жобалық командаларды қолдауға және олардың жобалық басқару саласындағы жетістіктерін бағалауға бағытталған.

Байқаудың бірінші кезеңі жобалық кеңсенің жұмысы туралы Тұжырымдаманы дайындау болды. Жарыстың екінші кезеңі 2 қазанда онлайн режимде өтті, оның барысында қазылар алқасының мүшелері СІМ жобалық кеңсенің жұмысымен танысты. 11 қазанға дейінгі кезеңде ұйымдастырушылар финалистерді анықтап, ең үздіктері Digital Bridge халықаралық форумы аясында Мемлекет басшысының сыйлықтарымен марапатталады.

ҚР СІМ жобалық кеңсесі 2021 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда жобалық басқару тәсілдерін енгізу мақсатында құрылды.

СІМ жобалық кеңсесі 6 базалық бағыт шеңберінде мемлекеттік жобаларды іске асыру бойынша жұмыс істейді: теңгерімді сыртқы саясат жүргізу, шетелдік инвестицияларды тарту, Қазақстанның шетелдегі оң имиджін ілгерілету, қоғамдық сананы жаңғырту, сыбайлас жемқорлықты алдын алу және оған қарсы күрес және мемлекеттік қызметтер мен мемлекеттік органның қызмет саласын цифрландыру.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив