ТЖМ тұрмыстық газбен байланысты оқыс оқиғалардың көбеюіне алаңдатушылық танытты
ТЖ министрі Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен өңірлер мен ТЖМ аумақтық бөлімшелері әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен тұрғындар арасында тұрмыстық газ баллондары мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану саласындағы проблемалық мәселелер бойынша кеңес өткізілді. Ағымдағы жылдың басынан бері тұрғын үй секторында 102 газ-ауа қоспасының тарсылы тіркеліп, 152 адам зардап шекті, 14 адам қаза тапты. Газ-ауа қоспасы тарсылының ең көп мөлшері Алматы, Ақтөбе және Түркістан облыстарында тіркелген. Кеңес барысында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаев, Алматы, Ақтөбе және Түркістан облыстары әкімдерінің орынбасарлары тыңдалды.
2014 жылдан бастап тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалануын бақылау әкімдіктерге жүктелген ("Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағы).
Осыған байланысты әкімдіктерге газ бен газ жабдықтарын, қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтау бойынша халықпен ақпараттық-профилактикалық жұмыстарды, оның ішінде жергілікті БАҚ және әлеуметтік желілер, оқу орындары (мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары) арқылы күшейту, сондай-ақ газ және газбен жабдықтау саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптарын бұзғаны және орындамағаны үшін адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нормаларын қолдану ұсынылды.
Бұдан басқа, өңірлердің ТЖ департаменттеріне газбен жабдықтау жүйелері объектілерімен профилактикалық жұмысты күшейту және әлеуметтік инфрақұрылым объектілері мен жеке тұрғын үйлерді аралауды жалғастыру тапсырылды.