Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Әлеуметтік осал топтағы қазақстандықтар тарифтердің өзгеруінен қорғалған – Тамара Дүйсенова

11-10-2023, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанда жылу көздері мен инженерлік желілерді кешенді жаңғыртуды жүзеге асыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бұл ретте әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар коммуналдық қызметтер бағасының өсуінен қорғалған. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова айтып берді.

Мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген вице-премьер Үкіметтің резервінен Екібастұз, Риддер, Степногорск, Көкшетау, Ақтау, Семей және Павлодар қалаларының жылу жүйелерін жөндеу үшін 55 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Бұл ретте коммуналдық инфрақұрылымды кешенді жаңғырту үшін «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру басталды.

«Биыл инженерлік желілерді жөндеуге және осы сала қызметкерлерінің жалақысын арттыруға шамамен 250 млрд теңге тарту жоспарланып отыр», — деді Тамара Дүйсенова. 

Премьер-Министрдің орынбасары биыл коммуналдық қызмет көрсетушілер тарифтерді көтергенін еске салды. Сондай-ақ азаматтардың кейбір санаттары үшін соманың бір бөлігін жергілікті атқарушы органдар жабады.

«Халықтың осал топтары тұрғын үй көмегі тетігі есебінен тарифтердің өзгеруінен қорғалған», — деді Тамара Дүйсенова.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив