Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Мемлекет басшысы Draper Fisher Jurvetson компаниясының тең құрылтайшысы және Дрейпер Университетінің негізін қалаушы Тим Дрейпермен кездесті

12-10-2023, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Президент Digital Bridge халықаралық форумына белсенді қатысқаны және мазмұнды баяндама жасағаны үшін Тим Дрейперге алғыс айтты. Мемлекет басшысы танымал Meet the Drapers  реалити-шоуының бір эпизодын Қазақстанда түсіру туралы бастаманы құптады.

Кездесу барысында венчурлық капитал мен стартаптар индустриясын дамыту мәселелері, сондай-ақ  алдағы жоспарлар мен ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.

Тим Дрейпер өз компаниясының венчурлық капиталды дамытуда бай тәжірибесі бар екенін атап өтті. Сондай-ақ Draper Fisher Jurvetson компаниясы Орталық Азия өңіріне, атап айтқанда, Қазақстан нарығына зор қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев венчурлық капитал нарығын құру үшін Қазақстанда берік институционалдық, құқықтық және қаржылық негіз қаланып жатқанына назар аударды. Еліміз Draper Fisher Jurvetson секілді халықаралық венчурлық қорлардың  Қазақстан нарығына келуіне кең жол ашады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив