Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Қазақстанның 6 өңірінде электр жарығы сөніп қалды

13-02-2023, 11:21 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 13 ақпанда сағат 09: 23-те технологиялық қорғану әрекетімен 500 кВ Екібастұз – Ағадыр Ж-5170 электр жеткізу желісі авариялық түрде ажыратылды.

Бұл Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарын энергиямен жабдықтауда шамамен 600 МВт (тұтынудың шамамен 10%) көлемінде шектеулер әкелді.

«KEGOC» АҚ электр желілерінің аварияға қарсы автоматикасы штаттық режимде іске қосылды, соның арқасында Қазақстанның оңтүстік және орталық өңірлерінде толық ажыратуға жол берілмеді.

Қазіргі уақытта ажыратылған тұтынушыларды электрмен жабдықтауды қалпына келтіру мақсатында оңтүстік өңірдің электр станцияларының жүктемесін толықтай көтеру жұмыстары жүргізілуде.

Электр жеткізу желісіндегі зақымдануды анықтау және жою үшін жөндеу бригадаларының шығуы ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив