Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

ТРАСЕКА комиссиясының отырысында мультимодальды тасымалдың перспективасы талқыланды

13-02-2023, 13:38 Думан Кенжеғазыұлы

Грузияның астанасы Тбилисиде «Еуропа – Кавказ – Азия»халықаралық көлік дәлізін дамыту жөніндегі көпжақты келісімнің 25 жылдығына байланысты өткізілген ТРАСЕКА үкіметаралық комиссияның XVI отырысына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов қатысты. Ол қатысушыларға көлік-логистикасы мен жүк тасымалы бағытындағы еліміздің ұстанған саясатын жеткізді.

Брюссель декларациясының 30 жылдығының аясында ұйымдастырылған жиында ҚР ИИДМ басшысының орынбасары  халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде, атап айтқанда барыс-келісті нығайтудың ұтымды әрі балама жолдарын дамытуға байланысты Қазақстанның ұсыныстарын жеткізіп, мультимодальды тасымалдарды арттыру бойынша талқылауда шетелдік әріптестермен пікір алмасты.

Бұдан басқа қатысушылар ТРАСЕКА дәлізі бойынша жүк тасымалын жүзеге асыратын кәсіби жүргізушілердің визасыз жүруді көздейтін келісімнің жобасын қарап, оның нәтижесінде мемлекеттік шекаралардан тауармен өту процесі едәуір жеңілдеп, халықаралық сауданың барысы жеделдей түсетінін айтты.

Сондай-ақ, отырыс барысында қатысушылар жаңа мерзімге Қазақстан Республикасының өкілі Әсет Асаубаевты ТРАСЕКА үкіметаралық комиссияның тұрақты хатшылығының бас хатшысы қызметіне қайта сайлады.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының тұрақты Хатшылығы мен «Транскаспий халықаралық көлік бағыты «Халықаралық Қауымдастығы» ЗТБ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив