Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семейде қоғамдық көлік қозғалысы қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда

6-02-2023, 18:04 Думан Кенжеғазыұлы
Бұл жайлы Абай өңірлік коммуникациялар қызметінде Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Алтаев, «Семавтопарк» ЖШС директоры Григорий Пинчук және «Таксоматорный парк» ЖШС Асқар Зиядановтың қатысуымен өткен брифингте айтылды. 
 
Абай облысының Семей қаласындағы автобус паркінің кейбір жүргізушілері таңертең автобус паркінен шағатын жолды бөгеп, барлық қоғамдық көліктердің  рейске шығуына кедергі жасаған.
 
Айта кетер болсақ, Семей қаласындағы жолаушылар көліктері 40 бағыт бойынша қызмет етуде. Жолаушылар тасымалын үш мердігер мекеме жүзеге асырады - «Автотрансемей» ЖШС, «Семавтопарк» ЖШС, «Таксоматорный парк» ЖШС. 
 
Семей қаласының жолаушылар көлігі жүргізушілерінің тапшылығына байланысты ағымдағы жылдың қаңтар айында автобус парктерінің басшылығы өз қызметкерлерін ынталандыру және жаңа қызметкерлерді тарту жұмыстарын жүргізген. Аталмыш шара ішінде ең алдымен, жүргізушілердің қазіргі жалақысының 40%-ға дейін өсуі қарастырылған. Бірақ, соған қарамастан кейбір қызметкерлер кадр тапшылығы жағдайын пайдаланып, қаладағы жолаушылар тасымалын тоқтатып, жалақыны көтеруді талап етті. 
 
Автобус паркінің басшылығының айтуы бойынша, автобус жүргізушілерімен 2023 жылдың ақпан айынан бастап жалақыны 40%-ға дейін өсіру жайында келісім жасалған.
 
- Жексенбі күні жүргізушілермен кездесіп, 1 ақпаннан бастап жалақыны 40 пайызға дейін көтеруге келісімге келіп, кестені бұзбай желіге шығу туралы уағдаластық. Мен таңғы сағат 5.30-да паркте болдым. 17-20 жүргізуші қарсылық танытып автобазадан шыға берісте көлік қозғалысына кедергі келтірді. Олардың қойған шарты – еңбекақыны көтеру. Мен оларға жаңа еңбек міндеттемелері көрсетілген еңбек шартына қосымша келісім сағат 10.00-ге дейін қолдарында болатынын айттым. Бүгін «Автотрансемей» ЖШС мен «Семавтопарк» ЖШС парктерінен 148 бірлік автобус желіге шығуы керек болатын. Таңғы сағат тоғызға таман 115 бірлік автобус қана желіге шықты,- деді Семавтопарк» ЖШС директоры Григорий Пинчук. 


6 ақпандағы жағдай бойынша жұмыскерлерге жалақыны төлеу бойынша қарыз жоқ және оны көтеру бойынша есеп-қисап дайындалғанын атап өтті автобус паркінің басшылығы. 
 
Аталған жағдайларға қарамастан, автобус қозғалысын әдейі жауып тастаған тұлғалар тобына қатысты қолданыстағы заңнамада белгіленген жауапкершілікке тартылатын болады.
 
Медет Алтаевтың айтуынша,  қоғамдық көліктер өз бағыттары бойынша орташа алғанда сағат 6.00-21.30 аралығында жолаушылар тасымалын жүзеге асыруы тиіс. Соңғы үш айда тасымалдаушыларға уақыт жиілігін сақтамаған үшін 23 млн. теңге айыппұл салынған.
 
Қоғамдық көлік мәселесін шешу қала әкімдігінің қатаң бақылауында, қазір қажетті жұмыстар атқарылып жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив