Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Сенатта ЕАЭО аясындағы аудиторлық қызмет туралы заң талқыланды

26-10-2023, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялау» туралы заңды талқылады.

Заңның мақсаты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде аудиторлық қызметті жүзеге асыруға және реттеуге бірыңғай көзқарасты, сондай-ақ отандық аудиторлық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Құжат ұйымға мүше мемлекеттегі аудиторлық ұйымдарды, жеке аудиторлар мен аудиторларды ЕАЭО-ның басқа мемлекеттерінде аудиторлық қызметті жүзеге асыруға жіберуді қамтамасыз етуге байланысты қатынастарды реттеуге бағытталған.

Сенаторлардың айтуынша, Келісімді ратификациялау бірыңғай нарықтың барлық қатысушылары үшін бірыңғай құқықтық негіздер белгілеуге, аудит және біліктілік куәліктерінің нәтижелерін тануға, Қазақстаннан тыс жерлерде қызметті тоқтатусыз және шектеусіз жүзеге асыруға, аудит жүргізілетін субъектілер санын ұлғайту арқылы табыс көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ бәсекелестік арқылы аудиторлық қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Сенаторлар отырыс қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Суретті түсірген: А. Байжұманов

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив