Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Қазақстан Әзірбайжанға тауар экспортын $300 млн-ға арттыруға дайын

27-10-2023, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Астана қаласында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Әзірбайжанның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ағалар Атамоғлановпен кездесті.

Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымының көлемі шамамен $500 млн-ды құрады. Болашақта бұл көрсеткіш $1млрд-қа дейін жетуі мүмкін.

Кездесу барысында екі елдің маңызды көлік дәліздерінде тиімді орналасқаны атап өтілді. Осыған байланысты Орталық Азия, Кавказ және Түркия арқылы Қытай мен Еуропалық Одақты байланыстыратын Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) өзектілігі артуда. ТХКБ шеңберінде жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 2 есе өсті. Осы бағыт арқылы қазақстандық мұнайды тасымалдаудың оң динамикасы атап өтілді.

Министрдің айтуынша, Қазақстан Әзірбайжанға 100-ден астам тауар позициясы бойынша $300 млн-ға жуық шикізаттық емес экспортты ұлғайтуға дайын.

Өз кезегінде Ағалар Атамоғланов мырза атап өткендей, Әзірбайжан Қазақстанға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді арттыруға ниетті.

Тараптар Қазақстан мен Әзірбайжанның көпжақты форматтағы, оның ішінде Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы өзара іс-қимылының перспективаларын қарастырды. Осылайша, екі ел Түркі инвестициялық қорын (ТИҚ) құру туралы келісімді бірінші болып ратификациялады. Сондай-ақ, алдағы СПЕКА (БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған арнайы бағдарламасы) форумына дайындық мәселелері талқыланды. Іс-шара ағымдағы жылдың қараша айында Баку қаласында өтеді.

Қазақстан-Әзірбайжан:

2023 жылғы қаңтар-тамызда екіжақты тауар айналымы $398 млн-ды құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 57,2%-ға артық.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив