Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
489.39 567.5 6.69

ҚазҰУ студенті жүзуден рекордты жаңартты

28-10-2023, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультетінің 4 курс студенті Нұрдәулет Жұмағали 200 метрге кешенді жүзуде алтын медаль жеңіп алды.

Ол сондай-ақ IV Азия Паралимпиадасында өткен жарыстарда 100 метрге брасспен жүзуден бірінші келіп, алтын медалді қанжығасына байлады.

Спортшылар арасындағы жарыстар Ханчжоу қаласында өтті. Нұрдәулет жапондық және өзбекстандық қарсыластарынан басым түсіп, 200 метр қашықтықты 2:16.74 уақытта еңсерді.

ҚазҰУ студенті Азия параойындарында жаңа рекорд орнатты.

Паралимпиадада жалпы есепте Нұрдәулет Жұмағали команданың қоржынына екі алтын медаль жеңіп алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив