Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.5 534.22 5.18

Дарын Абжанов Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаты болып сайланды

30-10-2023, 14:59 018.kz

2023 жылғы 29 қазанда өткен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2023 жылғы 29 қазанда № 13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 35 613 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 20 073 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 21, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс–1062 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 5.

№ 13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Абжанов Дарын Қуатбекұлы үшін сайлаушылардың 14648 дауысы берілді,

Бөстекбаев Азамат Құмарбекұлы үшін сайлаушылардың 2204 дауысы берілді,

Еділбаева Жанна Тоқтарқызы үшін сайлаушылардың 528 дауысы берілді,

Келгенбаев Шыңғыс Дәлелханұлы үшін сайлаушылардың 365 дауысы берілді,

Орынбаев Әнуарбек Әмірханұлы үшін сайлаушылардың 1294 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 377.

Сайлау қорытындысымен № 13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың депутаты болып- Абжанов Дарын Қуатбекұлы сайланды, 1987 жылы туған, «СМУ-Шығыс» ЖШС бас директоры, Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласы.

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив