Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Қазақстанның 7 қаласында кәріз-тазарту құрылғыларын салу және реконструкциялау басталды

3-11-2023, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Осы мақсаттарға ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 14,7 млрд. теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда 7 қалада, атап айтқанда Сарыағаш, Атырау, Ақтау, Қызылорда, Форт-Шевченко, Ленгер, Шымкент қалаларында КТҚ құрылысы мен реконструкциясы басталды.

Айта кетерлігі, 2023-2028 жылдар аралығында кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жұмыстарын 69 қалада түрлі қаржыландыру көздері есебінен жүргізу жоспарланған.

Қазір еліміз бойынша 89 қаланың 27-сінде кәріз-тазарту құрылғылары жоқ, 42 қалада тозу деңгейі 60% - дан асады.

Республиканың елді мекендерін қазіргі заманғы су бұру жүйелерімен тиімді қамтамасыз ету, экологиялық проблемаларды шешу мақсатында жобаларды іске асырудың түрлі тетіктерімен, оның ішінде бюджеттік қаржыландыру, ұлттық даму институттары арқылы облигациялық қарыздар, Мемлекеттік кепілдік беру мүмкіндігімен халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тарту, сондай-ақ мемлекеттік-жеке кәсіпкерлік арқылы кәріз тазарту құрылыстарын салу мен реконструкциялауды іске асыру ұсынылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив