Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

ҚР Қорғаныс министрлігі туралы Ереженің жаңартылған редакциясы бекітіледі

14-02-2023, 13:29 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс ведомствосы «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» НҚА жобасын дайындады.

Нормативтік құқықтық актіге өзгеріс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 174-VII Заңымен терминологияға сәйкестендіру қажеттілігінен туындады. Қаулы жобасында «ұшқышсыз ұшу аппараттары» деген тіркес «ұшқышсыз әуе кемелері» деген сөзбен ауыстырылды.

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында ағымдағы жылдың 24 ақпанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14405591

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив