Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

ҚР Ұлттық кітапханасында «Шандор Петөфи» атты көрме ашылды

8-11-2023, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Ұлттық кітапханасында әйгілі венгр ақыны Шандор Петёфидің туғанына 200 жыл толуына орай «Шандор Петөфи» атты көрме ашылды.

Іс-шара барысында белгілі ақын Қадыр Мырза Әлидің қазақ тіліне аударған Шандор Петёфидің «Махаббат пен бостандық» («Любовь и Свобода») өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті. Жаңа басылым қазақ-венгр мәдени байланыстары үшін маңызды оқиға болып табылады.

ҚР Ұлттық кітапханасында «Әлем таныған Петөфи / Petöfi around the World» көрмесі 2023 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасады.

Шандор Петёфи (1823-1849) – венгр тарихы мен мәдениетіне үлкен үлес қосқан әйгілі венгрлік ақын. Оның шығармалары венгр әдебиетінің дамуына үлкен әсер етті.

Айта кетейік, өткен аптада Астанада венгр ақынының атындағы көше ашылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив