Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Қазақстанда 3,6 мыңнан астам ауыз су орны барланған

9-11-2023, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанда 15,5 текше шақырым мөлшерінде су қоры бар 3 692 ауыз су орны барланды. Бұл шаруашылықты және тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қажет. Бұл ретте, елімізде жылына шаруашылық – ауыз су қажеттіліктері үшін 1 текше шақырымнан сәл артық су алынады.

Су кодексінің қолданыстағы редакциясына сәйкес ауыз су көздері қорын сақтау ластанудан және бітелуден қорғалған жерасты су объектілерінің базасында жүзеге асырылады.

«Бұл ауыз су қоры тіршілік нәрі жетіспеген жағдайда қажет болады. Біз жер асты суларын зерттеуге көп көңіл бөлеміз. Мысалы, Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде гидрогеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру және жер асты су ресурстарына мемлекеттік бақылау мен мониторинг жүргізу жөніндегі қызмет құрылатын болады. Сондай-ақ ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің жер асты сулары бойынша функцияларының бір бөлігі біздің министрліктің құзыретіне өтеді», – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив