Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Шәкәрім шаңырағындағы химиялық технологияның инновациялық мәселелері

3-02-2024, 13:31 018.kz

Қазіргі таңда экономикада елеулі орын алып келетін жаңартылатын энергия көздерінің түрлерінің бірі – биогазды алу ең өзекті мәселелерінің қатарында тұр. Осы себепті  ауылшаруашылық, тамақ өнімдерін қайта өңдеу зауыттарындағы органикалық қалдықтарды, ағынды сулар мен тұрмыстық қалдықтарды анаэробты метандық  ашыту  процесі арқылы жүзеге асады. Жаңартылатын энергия көздерінің басқа түрлерімен салыстырғанда биомассадан энергия алу ең тиімді, себебі бұл сала метеорологиялық жағдайлардан тәуелсіз, яғни энергияны пайдаланудағы үздіксіздік пен тұрақтылықты қамтиды. Абай елі агроөнеркәсібінің хабына айналу мүмкіндігінің көптігіне әрі кадрлық потенциал әлеуетінің қуатты болу үшін инновациялық жұмыстар қажет.

Университет - ғылым мен өндірістің интеграциясы үшін бірден-бір табылмайтын платформа болып келеді. Соған дәлел ретінде  Шәкәрім университетінің инновациялық қызметін атап өтпесе болмайды. Инженерлік технологиялық факультеті қабырғасындағы «Химиялық технология және экология» мен «Технологиялық жабдықтар мен машинажасау» кафедралары қызметкерлерінің бастамасы арқылы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қаржыландыратын 2021-2023 жылдарға арналған ғылымның «Энергетика және машинажасау» бағытын қамтитын әрі қолданбалы зерттеуге жататын АР09259846 «Ауылшаруашылық пен тамақ өндірісінің қалдықтарын өңдеуге арналған технологиялық процестерді басқарудың интеллектуалды жүйесі бар оңтайлы модульдік биогаз кешенін әзірлеу және құру» атты  гранттық жобаны жүзеге асырылуда.

Жобаның серіктесі болып, Абай еліндегі ірі кәсіпкерлерінің бірі - «Айманов Д.Б.» шаруашылық қожалығы таңдалынды. Осы жоба аталмыш қожалықтың өндірістік алаңында жүргізілуде. Кейін осы өндірістік қондырғы оқу-зерттеу базасы ретінде, университеттің ғылыми әлеуетін арттыру үшін қолданысқа беріледі.  Жобаның мақсаты: Қалдықтарды өндеу кезінде биометан шығымын арттыру және метанның ашыту уақытын қысқарту үшін биоыңталанғыштарды қолданатын инновациялық технологиямен автоматтандырылған интеллектуалды басқару жүйесі бар отандық материалдардан модульдік биогаз кешенін әзірлеу.

Жобаның нәтижелеріне  келесілер жатады:

- Сенімді, қымбат емес, жаблдықтары аз энергия тұтынатын, отандық материалдан жасалынатын, модулді тәріздес әртүрлі өнімділікті қамтитын биогаз қондырғысын әзірлеу;

- Өңдеу процесі толық автоматтандырылған табиғи отандық өсімдік және органикалық шикізаттары негізіндегі тиімді әзірлеген биоынталандырғыштар қолданылатын жаңа технологияны және климаттық жағдайларды ескере отырып, әртүрлі органикалық қалдықтардың метандық ашытуының оңтайлы режимін жасау;

- Биогаз қондырғысындағы технологиялық процестерді басқару жүйесін автоматтандыруға қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу; 

- Экологиялық қауіпсіз, толыққанды биотыңайтқыштарды алу және метанның сапалы тазалануы;

- Соңғы өнімдерге (биогаз, биометан және биотыңайтқыштар) техникалық шарттарды әзірлеу және жабдықтың (биогаз қондырғысы) технологиясы, қолданылуы.

Жоба аясында кафедралар  қабырғаларында бірнеше дипломдық жұмыстар («Химия» БББ білім алушылары Омартаева А.Б., Такеева Д.Е.), магистрлық диссертация («Машинажасау» БББ магистранты Сайлауов Д.М.)  қоргаудан өтті және докторлық диссертация («Информатика» БББ докторанты Шакерхан К.) жүзеге асырылуда. Жобаны ары қарай дамыту және жалғасын табу үшін факультеттің ғалымдары тыңбай еңбек етеді.

Бұл жоба аяқталуынан соң, тікелей серіктестің есебінен коммерцияланады. Демек, университет ғылымының нарыққа шығуына жол ашылады деп күтілуде.

Нұржан НҰРЛЫБЕКҰЛЫ, Шәкәрім университеті, Химиялық технология және экология кафедрасының аға оқытушысы, РhD

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив