Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.49 552.59 6.24

Абай облысының делегациясы ауыл әкімдерінің диалог-платформасына қатысты

28-11-2025, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сөз сөйлеп, ауылды өркендету, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру міндеттерін айқындады.

Маңызды шараға облыс әкімі Берік Уәлимен бірге өңірдің ауыл әкімдері қатысты. Жиында еліміздің өзге аймақтарының ауыл әкімдерімен бірге Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округінің әкімі Нұрлан Назарханов сөз сөйледі.

2022 жылы елімізде пилоттық режимде 45 қала және аудан әкімдері сайланған болатын, оның ішінде Абай облысының Курчатов қаласы мен Абай ауданы болды. Биыл Сайлау туралы заңға сәйкес Семей қаласы мен Жаңасемей ауданы әкімдері тікелей дауыс беру арқылы сайланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив