Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
494.63 583.22 6.42

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңесі құрылды

10-11-2023, 10:27 Сабина Әлібек

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Айдарбеков Айдиенің төрағалығымен Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңесін құрды.

Қоғамдық кеңестің құрамы толығымен азаматтық қоғам өкілдерінен тұрады, олардың арасында белгілі қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен салалық қауымдастықтардың өкілдері бар. Оның құрамына 21 адам кірді.

Қоғамдық кеңестер туралы заңнамаға сәйкес Қоғамдық кеңес құрамына кандидаттардың резервтік тізімі де құрылды.

Қоғамдық кеңес үш жыл мерзімге сайланады. Қоғамдық кеңестің міндеттері шешімдерді талқылау және қабылдау кезінде азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив