Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
515.03 584.82 6.24

Бала құқықтары халықаралық деңгейде қорғалады

15-11-2023, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс «Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қабылдады. Мақсаты – бала құқықтарын халықаралық деңгейде қорғау. 

Енді балалар немесе олардың заңды өкілдері БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне өз құқықтарының бұзылуы туралы тікелей шағым бере алады. 

Бірақ Комитетке жүгіну үшін алдымен Қазақстандағы  құқық қорғау органдарына шағымдану қажет. Яғни, өз елімде  құқығым қорғалмады деген жағдайда ғана халықаралық деңгейде арыздануға болады.  Ал Комитет өз кезегінде әрбір істі қарап, ұсыным ретінде ғана шешім шығара алады.

Құжат Қазақстанның бала құқықтарын қамтамасыз етуге және балаларды құқықтық қорғау деңгейін арттыруға ықпал етеді.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив