Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Мемлекеттік құпияларға рұқсат берудің бірыңғай талаптары белгіленді

15-11-2023, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс депутаттары ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Заңның мақсаты – ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру.

ҚР Терроризмге қарсы орталығының және жергілікті атқарушы органдардың экстремизмнің алдын алуды үйлестіру және ұйымдастыру жөніндегі құзыреттері кеңейтіледі. Мемлекеттiк құпияларды қорғау шараларын күшейту мақсатымен мемлекеттiк қызметшiлер мен мемлекеттiк қызметте жоқ адамдар үшін мемлекеттiк құпияларға рұқсат берудің бiрыңғай талаптары белгiленген.

Сондай-ақ заң мемлекеттік қызметкерлердің арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезіндегі әлеуметтік кепілдіктерін күшейтеді Атап айтқанда, түзетулер арқылы атақтар беру, аттестаттаудан өту және жоғары оқу орындарында оқу тәртібі жетілдіріледі.

Жиырма бес жылдан астам еңбек өтілі бар қызметкерлерге өз қалауы бойынша жұмыстан босату құқығы қарастырылған. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында қызметкерлерді ұлттық қауіпсіздік органдарынан босатудың неғұрлым икемді шарттары ұсынылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив