Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімдері нақтыланды

15-11-2023, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжілісмендер салық заңнамасының кейбір нормаларын жетілдіру мен нақтылауға бағытталған Салық кодексіне және оны іске асыру туралы заңға енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

Жеке тұлғалардың коллекторлық агенттіктер мен микроқаржы ұйымдары берешектерін кешірген кезіндегі жеке тұлғаның кірістері, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бұрын жүзеге асырылған сатып алулар немесе алынған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есептелген сома есебінен сатып алу кезінде олардың құнын үнемдеуден түскен материалдық пайда, Ұлттық қордан бөлінетін балаларға арналған нысаналы жинақтар кіріс ретінде қарастырылмайды.

Активтер мен міндеттемелер, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімдері мен жасау ерекшеліктері нақтыланды. Салық төлеушінің ауыспалы есептерді, қолма-қол ақшаны есепке алу кітаптары мен тауар чектерін, сондай-ақ деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолданған кезде басқа да чектерді басып шығарылған немесе толығымен толтырылған күнінен бастап бес жыл бойы сақтау міндеттемесі алынып тасталды.

Азаматтардың Конституциялық Сотқа арыз берген кезде мемлекеттік баж нөлдік мөлшерлемемен белгіленді. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушылары мен басқарушы компанияларына санаттар бойынша белгілі бір мерзімге салық жеңілдіктері беріледі.

Заң 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі деп жоспарланған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив