Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Еуроодақтың балды экспорттауға талабы ара өсірушілерге түсіндірілуде

15-11-2023, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Еуропалық одақтың сарапшылары 13-17 қараша аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерімен ЕО-ның балды экспорттау талаптарын түсіндіру және орындау жөнінде бірлескен жұмыс жүргізуде.

Қазақстанға Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі, жануарлар денсаулығы және қоршаған орта институтының химиялық зертханасының меңгерушісі (Латвия) Вадим Барткевич, Азық-түлік және ветеринариялық қызмет (Латвия) шекаралық бақылау департаментінің аймақ басшысы Эдуард Бакасеев келді.

Бұл жұмыстың мақсаты – бал қалдықтарын бақылаудың ұлттық жоспарын дайындау бойынша комитет және ведомстволық бағынысты ұйымдар сарапшыларының білімін арттыу, сондай-ақ комитет пен жергілікті талдау зертханаларына Еуропалық Одаққа бал экспортын ілгерілетуге жәрдемдесу.

Тараптар бал қалдықтарын бақылаудың ұлттық жоспарын дайындау үшін миссия жоспары мен құжаттаманы талқылады. Іс-шара аясында қатысушылар зертханаларға барып, workshop өткізді. Сонымен қатар, жоспардың іске асырылуын талқылау үшін бал өндірушілер шақырылды.

Айта кетейік, 2023 жылдың сегіз айында Қазақстан 22 тонна бал экспорттады. Оның ішінде Сауд Арабиясына - 11,9 тонна, Қырғызстанға - 5 тонна, Иорданияға - 1,3 тонна. Сондай-ақ, отандық бал Қытайға, Түркияға, Ресейге, Моңғолия және Гонконгқа жіберілді. 2022 жылы өндіріс 3 910,7 тоннаны құрады. Бал өндірісінің негізгі үлесі ШҚО (1833,1 тонна), Алматы (254,5 тонна), Павлодар (416,7 тонна), Түркістан (219,9 тонна), Абай (371,2 тонна) және Жетісу (293,6 тонна) сияқты өңірлерге тиесілі.

Өнімнің қауіпсіздігіне келетін болсақ, «Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық» балға мониторингтік зерттеулер жүргізеді. Экспорт және импорт кезінде өңірлік филиалдар «Республикалық ветеринариялық зертхана» зертханалық зерттеулер жүргізеді. Олар ластаушы заттардың (антибиотиктердің, пестицидтердің) қалдық мөлшерін және уытты элементтердің (ауыр металл тұздарының) шекті рұқсат етілген шоғырлану мөлшерін анықтайтын болады.

Сонымен қатар, Қазақстанда омарташылар үшін бал ара ұяларымен асыл тұқымдық және селекциялық жұмыстарды жүргізуге субсидия ретінде мемлекеттік қолдау бар. Ара ұясына арналған маусымдық норматив - 5 мың теңге. 2023 жылы жергілікті атқарушы органдар субсидиялауға 422,5 млн теңге бөлді, ал бір жыл бұрын бұл сома 370,3 млн теңгені құрады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив