Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
515.03 584.82 6.24

Астанада «Теңге - Тәуелсіздік символы» атты деректі көрме өтті

16-11-2023, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлттық валюта – теңге күніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Мемлекет тарихы институты «Теңге – Тәуелсіздік символы» атты құжаттық көрме өткізді.

Көрме Ұлттық архив қорында сақталған төл теңгеміздің тарихына қатысты құнды құжаттарды өскелең ұрпаққа таныстырып, теңгенің шығу тарихын жан-жақты насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Көрмеге тарихшы ғалымдар, педагогтар, оқушылар қатысты. Олар Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі шешімімен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Президент шешімін мақұлдаған Қаулысы және басқа да маңызды құжаттармен танысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив