Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті

16-11-2023, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының Орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және Кафедраларының қауымдастығы мүшелері, беделді сарапшылар мен ғалымдар қатысты.

Кездесу барысында сарапшылар тиімді этносаралық диалог пен өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі өзекті міндеттерді, этносаралық қатынастар мәселелерін, сондай-ақ «Біріктірілген ұлт» жобасының бастамасын талқылады.

Саясаттанушы Жандос Қарынбаев «Қазақ-поляк байланыстарының тарихы танымал тұлғалардың мысалында»  атты кітабын таныстырды.

Іс-шара соңында қатысушылар алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын атап өтіп, Қазақстандағы этносаралық келісімді нығайтудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив