Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Қарағанды облысында кокс шығаратын арнайы зауыт іске қосылды

17-11-2023, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев арнайы кокс шығаратын жаңа зауыт жұмысының басталуына пәрмен берді.

Зауыт Қарағанды ​​облысындағы «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «Шұбаркөл» разрезінің аумағында орналасқан. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айрықша назар аударған импортты алмастыру мемлекеттік бағдарламасына ERG-дің қосқан үлесі болып табылады.

Жаңа кәсіпорында 184 жаңа жұмыс орны ашылды. Өндірістік қуаттылығы - жылына 400 мың тонна арнайы кокс.

«Негізгі өнімдерімізден басқа, біз жылына 70 000 т көлеміндегі көмір шайыры мен көмір майын өндіруді жоспарлап отырмыз. Өндіріс шикізаты ретінде Шұбаркөл разрезінің Д маркалы көмірі пайдаланылатын болады», - дейді «Шұбаркөл көмір» АҚ бас директоры Сергей Ким.

Айта кетерлігі, жоба бүгін елордада өткен «Қазқамту 2.0» халықаралық форумы аясында ресми түрде қосылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив