Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Астанада әскери медицинаны дамыту мәселелері талқыланды

17-11-2023, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Бас әскери-медициналық басқарма бастығы медицина қызметінің полковнигі Ержан Смайылдың басшылығымен дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шараға күштік ведомстволар әскери-медициналық бөлімшелерінің, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ және «СК-Фармация» ЖШС мамандары қатысты.

Іс-шараны ашқан медицина қызметінің полковнигі Ержан Смайыл денсаулық сақтау жүйесінің халықтың денсаулығын сақтаудағы маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ, қолда бар тәжірибені ескере отырып, әртүрлі ведомстволардың өкілдеріне әріптестерімен бөлісетін көптеген мәселелердің бар екеніне сенім білдірді.

Кездесуге қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимыл, инфрақұрылымдық даму, материалдық-техникалық жарақтандыру және медицина саласын цифрландыру мәселелерін талқылады.

Шет мемлекеттерге кететін әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты, медициналық сақтандыру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, әскери қызметшілерді санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кадрлық қамтамасыз ету және әскери медицина мәртебесін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив