Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Ерұлан Жамаубаев әкімшілік реформаны жүзеге асыру мәселесі жөнінде кеңес өткізді

17-11-2023, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруға бағытталған әкімшілік реформаны жүзеге асыру мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

Бұл – Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында берген тапсырмаларының бірі.

Реформа экономикалық саясатты іске асыру үшін Үкіметке жауапкершілікті, ал мемлекеттік органдардың басшыларына (министрлер мен әкімдерге) нақты түпкілікті нәтижелерге қол жеткізгені үшін дербес жауапкершілікті жүктей отырып, салалық шешімдерді дайындау және орындау жөніндегі өкілеттіктерді жүктеуді көздейді.

250-ден астам заңнамалық актілерге талдау жасалып, нәтижесінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасында қайта бөлу үшін 300-ге жуық функция таңдалды. Сондай-ақ тиісті заңнамалық түзетулер әзірленіп, оның ішінде мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылтуға бағытталған нормалар да бар.

Жиынды қорытындылаған Ерұлан Жамаубаев жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаның маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив