Санкт-Петербургте ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен шығармашылық зиялы қауымның кездесуі өтті
Санкт-Петербург қаласында 16-18 қарашада аралығына жоспарланған IX Халықаралық мәдени форум өтіп жатыр. Онда 70-тен астам елдің делегациясы мәдениет пен өнер саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды.
Форум аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өмірі мен шығармашылығы Қазақстанмен тікелей байланысты қазақстандық және ресейлік мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесу өткізді.
Шараға музыканттар, әншілер, режиссерлер, актерлар, әдебиет қайраткерлері, мүсіншілер мен суретшілер қатысты.
Жиын басында А.Балаева әнші Әлия Кикеноваға «Шапағат» медалін табыс етті.
«Мен үшін бұл жоғары марапатты алу өте маңызды. Мен әрқашан және барлық жерде қазақ мәдениетін насихаттауға тырысамын. бұл маған жұмысты жалғастыруға ынталандыру», - деді А.Кикенова.
Кездесу барысында мәдениетті дамыту, мамандардыңң біліктілігін арттыру және мәдениет қайраткерлерін қолдау мәселелері талқыланды.
Мәдениет қайраткерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігімен түрлі форматтағы ынтымақтастық перспективаларына үлкен қызығушылық танытты.
Кездесу барысында А.Балаева Ресейде тұрақты тұратын қандастарымыздың қазақ қалаларының сахналарында өнер көрсетуіне және олардың шығармаларын қазақ оқырмандары мен өнер жанашырларының арасында кеңінен насихаттауға мүмкіндік туғызуға көмектесуге дайын екенін жеткізді.
Ол суретшілер мен мүсіншілердің шеберлік сабақтарын, семинарларын, көрмелерін өткізу жобаларына ерекше көңіл бөлді.